«ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық сұхбат пен этносаралық қатынастарды нығату концепциялары» атты ашық дәріс және семинар сабағы
2023 жылдың 10-наурызында 6B02203-дінтану мамандығының 3-курс студенттерімен қазіргі қоғамның өзекті тақырыбы болған «ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық сұхбат пен этносаралық қатынастарды нығайту концепциялары» атты ашық дәріс және семинар сабағы өткізілді.
Ашық сабағының мақсаты:Қазақстандағы этноконфессиялық өзара әрекеттестік құрудың негізгі принциптерін сипаттау. ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық сұхбат пен этносаралық қатынастарды нығайту концепцияларының тарихына шолу жасап, Қазақстанға тигізетін әсерін анықтау. Семинар сабақта студенттердің берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау үшін, өз жұмысы туралы топқа ақпарат беріп, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында американдық профессор Элиот Аронсонның «Джигсо» әдісін пайдаланды.
Көрнекілігі: презентация, проектор, постерлер, маркерлер, сауалнама, викториналық сұрақтар.
Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1-курс докторанты А.Н.Шаңбаева.







