Академиялық ұтқырлық лайфхактары тақырыбында кездесу

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті халықаралық байланыстарды кеңейту және акедемиялық ұтқырлық көлемін арттыру мақсатында студенттер, магистранттар және доктаранттарға арналған Instagram-да тікелей эфирлер сериясын бастады.

Алғашқы эфир 03.03.2023 күні бакалавр деңгейіндегі студенттерге арналған «Академиялық ұтқырлық лайфхактары» тақырыбында кездесу өтті. Эфирге 2022-2023 оқу жылының 1-семестрінде Варшава университеті (Польша) және Радбауд (Ниделанд) университетінде тағылымдамадан өтіп келген академиялық ұтқырлық бағдарламасының иегерлері «Мәдениеттану» мамандығының студенттері Ли Алина, Досымбетова Жансая, Ержанова Аружан қатысты.
Эфирдің бастау бөлігінде факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары                       А.Б. Альчимбаева «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының жалпы ережесімен, нақты талаптарымен таныстырып өтті. Студенттер тарапынан аталған бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, университеттер базасын таңдау және шақырту алу жолдары бойынша мол мағлұмат берілді.

10.03.2023 күні эфирде «Болашақ бағдарламасы шеңберінде «500 ғалым» жобасына қатысу лайфхактары» тақырыбында кездесу өтті. Эфирде Түркия мемлекеті, Анкара қаласындағы Хажеттепе университетінде тағылымдамадан өткен докторанттар Құрманбек А.А., (Исламтану мамандығы), Өсербаев Е. Н. (Мәдениеттану мамандығы) өз тәжірибелерімен бөлісіп, үміткерлерге кеңес берді. Сұхбат барысында жобаға қатысу ережесінде көрсетілген IELTS, TOEFL шекті балы, ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар мен университеттерді таңдау шарты, тағылымдама бағдарламасының негізгі бағыттары және т.б. сұрақтары бойынша тәжірибемен бөлісті.

Эфир соңында академиялық ұтқырлық және «500 ғалым» жобасының стипендианттары министрлік тарапынан берілген мүмкіндікке, университет әкімшілігіне, арнайы нұсқаулық кеңес берген университеттің халықаралық байланыс департаментінің мамандарына, факультет ұжымына алғысын білдірді.


Басылым күні :  11.03.2023