«Жетінші күн адвентист-христиандары» шіркеуінің өкілдерімен кездесу
2023 жылдың 4-наурыз күні педагогикалық тәжірибе аясында «8D02203-дінтану» мамандығының 1-курс PhD докторанты Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлының жетекшілігімен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырып, «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранттарымен бірге Алматы қаласы «Жетінші күн адвентист-христиандарының тұрғылықты жерінің шіркеуі» жергілікті діни бірлестігіне жолықты. Ғылыми қызығушылықты ояту мақсатында дінтанушылар шіркеу пасторына әртүрлі сауал қойды. Кездесу барысында магистранттар протестанттық мәсіхшіліктің адвентизм сияқты бағытының ілімдерінің негіздерімен танысты. Сұхбат мазмұнды болып, жылы шырайда өтті.

Басылым күні : 07.03.2023






