Үздік оқытушылар анықталды
Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 27 оқытушысы да жалпы республикалық байқауда 775 үміткердің ішінен үздік деп танылды. Аталған байқауда Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Өмірбекова Алия Өмірбекқызы да бар. Жеңіске жеткен 150 оқытушыға 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.
Оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды. Айта кетейік, республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайыста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ, үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды.
Конкурс жеңімпазын құттықтаймыз!







