Радикализмнің алдын алуға бағытталған Қазақстан мен Түркияның тәжірибе алмасуы

2023 жылдың 23-25 қаңтар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Философия кафедрасы, Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар орталығы, Әл-Фараби орталығы мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығы, Түркия Дін істері жөніндегі атташелігі (Diyanet), Turkiye Diyanet Vakfı қоры (TDV) ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының конференц-залында «Радикализмнің алдын алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесі: теориялық мәселелер мен практикалық шешімдер» атты Халықаралық Қысқы мектеп жұмысы өтті.

Жиын модераторлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің декаы Бекжан Мейірбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, Түркия Республикасының Астана қаласындағы елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур, Қазақстандағы терроризм және экстремизм проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Бишманов Какимжан, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының Дін істері жөніндегі Атташе Эмруллаһ Үзүм, Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Мэтин Йылмаз болды.

Құттықтау сөзді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының Дін істері жөніндегі Атташе Эмруллаһ Үзүм, Түркия Республикасының Астана қаласындағы елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур және Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов жолдады.

Аталмыш қысқы мектеп барысында «Түркия Диянет Вакфы» қорының Орта Азия елдері координаторы, PhD Осман Түрк, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD Қайрат Құрманбаев, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы «Кеңес беру және оңалту» орталығының маманы Назерке Жетпісбай, Полиция Академиясының Қауіпсіздік ғылымдары институтының ғылыми қызметкері, PhD (Түркия) Хакан Кыйыжы, Тaяу Шығыс зерттеулер орталығының (ORSAM) қауіпсіздікті зерттеу бөлімінің директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Гөктуғ Сөнмез, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, PhD Лейла Деловарова, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, PhD Мэтин Йылмаз, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшысы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Елнар Берікбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, Алматы қаласы Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Дулат Ибрагимов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Әбдірайымова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсұлу Алғожаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жалпы және қолдаңбалы психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әйгерім Мынбаева, профессор Аймағамбетова О.Х., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты Әсет Құранбек баяндамалар оқыды.

Жиын дискус форматында өтіп, модераторлардың қадағалалауымен пікірталас пен жаңа иделар қарастырылды.

Қазіргі күні діни радикализм Қазақстан мен Түркияның, тіпті бүкіл дүние жүзінің өзекті, тез арада шешімін талап ететін жаһандық проблемаға айналғаны жасырын емес. Бұл мәселе мемлекеттік қауіпсіздікке, мемлекеттіліктің негізгі діңгектеріне, соның ішінде демократияға, яғни әр адамның дербес құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Бұрын осы жағдайлар тек мемлекеттің араласуымен шешілетін, жалпы көпшілік бұқара халықтан алшақ, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қадағалауындағы спецификалық мәселе ретінде қарастырылса, бүгінгі күні осы проблема алыс-жақын туыстарымызды есептегенде әрбір отбасының қасіреті болып табылатыны жасырын емес.

Қысқы мектепте діни радикализмның шығу тарихы, оның пайда болу себептері мен радикализммен күресу жолдары талқылынды, көптеген практикалық ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар екі елде осы індетке қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуы, олардың іске асуының нәтижелері қарастырылып, әр елдің нәтижелерімен ой бөлісілді. Жиында діни радикализм тек бір мемлекеттің дербес проблемасы емес, оны жеке елдер жеңе алмайтыны, содықтан осы мәселені тек бірігіп жеңу керектігіне баяндамашылыр бірауыздан келісті.

Кездесу барысында діни экстремизмнің халықтың жалпы сауаттылығы, соның ішінде діни сауаттылығымен тікелей байланысы анықталды. Яғни, көптеген проблемалар азаматтардың білімінің, соның ішінде діни білімінің таяздығынан туындайды. Соның нәтижесінде өз ойы мен пікірі дұрыс қалыптаспай, көптеген теріс пікірлер мен жалған пәтуәаларға жолығады. Ол тек жеке адамның адасуына алып келмейді, адасқан тұлға ол құрдымға отбасын, туыстарын, әріптес пен таныстарын тартады. Ол болса мемлекетіміздің тыныштығы мен тұтастығына нұқсан келтіреді, өйткені радикалды ағымдар дерлік мемлекеттік саясатқа, халқымыздың салт-дәстүріне, діни басқарманың қағидаларына қарсы.

Қарастырып отырған мәселелерді уақытында шеше алмасақ, егемендігімізге өте үлкен қауіп төніп тұрғаны айқын. Бұл тек ислам фундаментализмі, соның ішінде сәләфит ағымына ғана қатысты емес. Мысал ретінді, кеше ғана болған Швед еліндегі Құран кітабын өртеу де халықаралық шиеленісті тудырып кетті.

Қысқы мектепте қарастырылған мәселелер кәсіби теологтар мен философтарға ғана емес, жалпы бұқара халыққа пайдасы мол ақпарат береді, сондай-ақ мемлекеттік құзырлы органдарға да осы мәселелерге төтеп беруге көп ақпаратты айқындайтынына сенімдіміз.

Шанбаева Арайлым Нұрдығұлқызы

"6D021500-Исламтану" мамандығының 1-курс докторанты

Кантарбаева Жанна Уринбасаровна

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы,

философия ғылымдарының кандидаты

Басылым күні :  17.01.2023