«Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы діни білімнің рөлі: қазақстандық тәжірибе» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар
13 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті докторанттарының кезекті ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Семинарға факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б., деканның ғылыми зерттеу жұмысы және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Альчимбаева А.Б, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Курманалиева А.Д., факультет профессорлары Бишманов К.М., Шеденова Н.У., кафедра меңгерушілерінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасарлары Текесбаева А.М., Абжаппарова А. А., Мустафина А.С. және факультеттің 1,2,3 курс докторанттары қатысты. Ғылыми-әдістемелік семинарды факультет деканы Меирбаев Б.Б., жүргізді.

Семинардың алғашқы спикері «Исламтану» мамандығының 3-курс докторанты Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы «Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы діни білімнің рөлі: қазақстандық тәжірибе» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Тақырыптың өзектілігін айқындап, зерттеу бағытында жүргізілген эксперимент нәтижелерімен бөлісті. Жалпы зерттеу тақырыбында жарық көрген мақалалары туралы ақпарат беріп, көшірме үлгілерін ұсынды.







