Мохд Нор Мохд Рослан визит профессоры семинары

2022 жылдың 2 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне шақырылған профессор PhD доктор, Малайя университетінің (Малайзия) профессоры, ислам тарихы және өркениеті кафедрасының меңгерушісі Мохд Рослан Мохд Нор (Mohd Roslan Mohd Nor) дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары мен докторанттарына семинар өткізді. Профессор Мохд Рослан – Scopus базасында индекстелген Al-Tamaddun журналының (41 процентиль Relieiogus Studies) бас редакторы және Springer Nature баспа үйінен басылып шығатын Humanities and Social Sciences Communications журналының (General Arts and Humanities 92 процентиль) редакторы.

Семинар барысында профессор Мохд Рослан Journal of Al-Tamaddun ғылыми журналының жұмыс тәжірибесімен бөлісті, оның ішінде: Scopus деректер базасында индекстеу үшін журналды ұсыну, журнал саясаты, рецензиялау процесі, ғалымдардың халықаралық ынтымақтастықтарының, сондай-ақ пәнаралық зерттеу маңыздылығы. Оқытушылар мен докторанттар халықаралық рецензияланатын журналдарда мақалалар жариялау, сондай-ақ дінтану және исламтану саласындағы халықаралық өзекті зерттеулер бойынша жауаптар мен кеңестер алды.


Басылым күні :  08.12.2022