Визит профессор Mohd Roslan Mohd Nor (University of Malaya, Malaysia)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қысқа мерзімді бағдарламалар аясында PhD доктор, Малайя университетінің (Малайзия) профессоры, ислам тарихы және өркениеті кафедрасының меңгерушісі Мохд Рослан Мохд Нор (Mohd Roslan Mohd Nor) шақырылды. Ол дінтану және мәдениеттану кафедрасында 07.11.2022-04.12.2022 г. арасында «Inter Religious Relation & Islamic Coping Strategies» дәрістер курсын оқып, магистранттар мен докторанттарға консультациялар өткізеді.

Доктор Мохд Рослан Мохд Нордың академиялық қызығушылықтары Таяу Шығыс, ислам және мультикультурализм, дінтану және өркениет мәселелерін қамтиды. Ол халықаралық рецензияланатын журналдарда бірнеше академиялық мақалалар жариялады, Америка Құрама Штаттарының Діни плюрализм институтында, Калифорния университетінде, Санта-Барбарада (2010) зерттеу жұмыстарына қатысты, сондай-ақ Шотландия Al Maktoum институтында (2009) Минзу университетінде, Пекин (2012-2013). визит профессор болды. 2018 жылы «Әлеуметтік ғылымдар» номинациясында жарияланған кітабы үшін MAPIM-KPT сыйлығының лауреаты атанды. Ол сондай-ақ 2017 жылы Malaya Press университетінде жарияланған «Исламдық Иерусалимнің мағынасы» үшін беделді Anugerah Academic Negara (AAN) сыйлығын алды. «8D02204-Исламтану» мамандығы бойынша докторанттарының: Хумархан Ж.(2019-2022), Құрманбек А.А. (2020-2023), Болатжан А. (2022-2025) шетелдік ғылыми кеңесшісі.







