«Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі мен маңызы» атты диалог

15 қарашада Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы Алматы қаласының прокуратурасы бастамасы бойынша «SDC» Қоғамдық қоры Plaza Hotel Almaty конференц-залында ұйымдастырған «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі мен маңызы» атты диалог алаңына қатысты. Спикерлер қатарында «Зайырлылықтың қазақстандық моделі – конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің негізі» тақырыбында баяндама жасаған кафедраның аға оқытушысы, PhD Елнар Ғалымжанұлы Берікбаев және «Қазіргі әлемдегі ислам секьюритизациясы» тақырыбы бойынша баяндама әзірлеген дінтану мамандығының 1-ші курс докторанты Әл-Фараби Нұрбекұлы Болатжан болды. Алаң тақырыбын талқылауға дінтану мамандығының 3 және 4 курс бакалавриат студенттері қатысты.

Басылым күні :  17.11.2022