«XX ғасырдағы ғылым мен мәдениет» тақырыбында ашық сабақ
8 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Кудайбергенов Сергазы Ережепұлы Механика математика факультеті математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы 2-курс студенттеріне «Мәдениеттану» жалпы білім беретін пәні бойынша «XX ғасырдағы ғылым мен мәдениет» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Еліміздегі алғашқы университеттердің тарихы, педагогикалық институт негізінде Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университеті ашылған болатын. 1934 жылдың 15 қаңтарында университет ресми түрде ашылды. Нәтижесінде 1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушы-профессорлар құрамы туралы және алғашқы 54 студентті физика-математикалық және биология факультеттеріне қабылдауға бұйрық қабылданды. Ашық сабақ барысында университет отандық ғылымды, техниканы, мәдениет пен жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосып отырғандығы жөнінде студенттер баяндама жасады.







