Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған дөңгелек үстел

21 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған» дөңгелек үстел өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Курманалиева, кафедра профессорлары К.К. Бегалинова, К.М. Борбасова, К.М. Бишманов және аға оқытушы Ж.У. Кантарбаева, Т.О. Аманқұл мен «Дінтану мамандығының 3 курс студенттері қатысты».

Дөңгелек үстел барысында еліміздегі маңызды оқиғаға қатысты субъективті студенттердің жеке пікірлері тыңдалды. Дөңгелек үстелде сьезде көтерілген маңызды мәселелерді талқылап, діни-мәдени сабақтастықты сақтай отырып, тату-тәтті өмір сүруге мүмкіндіктер ашылғаны жөнінде қорытындылар жасалынды. Талқылау соңында еліміз әлемдік діни бірлестіктері көшбасшылары бас қосқан, келіссөздер жүргізетін мәдени алаңға айналғанын және әлемнің мәдени аренасында өз орнын алғандығы сөз болды.

Басылым күні :  07.11.2022