«ТМД мәнмәтінінде ғылыми кейстерді әзірлеу және жариялау мүмкіндіктері» атты семинар

2022 жылдың 4 қарашасында дінтану және мәдениеттану кафедрасы «ТМД мәнмәтінінде ғылыми кейстерді әзірлеу және жариялау мүмкіндіктері» атты семинар өткізді. Семинардың спикерлері: философия және саясаттану факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Онаджомо Акему, ҚазҰУ-дың шақырылған оқытушысы және SDU университетінің доценті Анжан Гош болды.

Профессор Онаджомо Акему 2022 жылғы 11 қарашада Назарбаев университетінде өтетін «Ксіпкерлік, инновациялар және технологиялар: ТМД өңіріндегі сын-қатерлер, мүмкіндіктер мен перспективалар» конференциясы туралы ақпаратпен бөлісті. Ол сондай-ақ таңдалған өтінімдерді Scopus базасында индекстелген екі беделді журналдың арнайы басылымдарында жариялау мүмкіндіктері туралы айтты: South Asian Journal of Business and Management Cases и Emerald Emerging Market Case Studies.

Семинар барысында бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері кейс ұсыныстары бойынша кері байланыс алды, сонымен қатар профессор Анжан Гош студенттерге конференцияға тезистерін дайындау бойынша кеңес берді. Аудитория дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының сессияға толық қатысып, кейсті зерттеудің өзіндік жоспарын әзірлегеніне өте қуанышты және ынталы болды.

Басылым күні :  05.11.2022