Дінтану орталығына саяхат

Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, докторант Сарсенгали Ботагөз Жасұланқызы және философия ғылымдарының докторы, профессор Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызының жетекшілігімен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 7М02205 Исламтану мамандығының 2 курс магистранттарына 22 қазан сағ. 16.00-де ҚР Республика күніне орай, Философия, саясаттану және дінтану институтына саяхат ұйымдастырылды. Дінтану орталығының директоры Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы Дінтану орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, Институт үнемі қазақтандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, сұхбат алаңын өткізетіндігін және Институт Ресейдің, Белорустің, Әзербайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Германияның, АҚШ-тың, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және басқа елдердің ғылыми-зерттеу құрылымдарымен тығыз байланыс жасайтындығын әңгімелеп берді.

Іс-шара мақсаты – студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздерімен таныстыру, студенттерді ғылыми – зерттеу жұмыстарына баулу.

Басылым күні :  27.10.2022