"Сергей Щукин. Коллекционердің тарихы" атты деректі фильмнің көрсетілімі

26 қазан күні «Art Lane» галереясында "Сергей Щукин. Коллекционердің тарихы" атты деректі фильмнің көрсетілімі болды. Аталған іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы және мәдениеттану мамандығы 4-курс студенттері қатысты.

Эрмитаж коллекциясында және Мәскеу бейнелеу өнері мұражайында орналасқан Француз импрессионистерінің көптеген танымал картиналары бізге коллекционер Сергей Щукиннен мұра болып қалған. Сотбис аукцион үйінің бағалауы бойынша коллекция 2012 жылға 8,5 миллиард АҚШ долларын құрады.

Басылым күні :  26.10.2022