Студенттер Вознесенск кафердралық шіркеуінде болды
5 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы және мәдениеттану мамандығы 4-курс студенттері Вознесенск кафердралық шіркеуінде болды. Алматы қаласының қақ ортасында орын тепкен әсем ғимарат - барокко стиліндегі ағаш сәулетінің бірегей ескерткіші, оның бес жарқын күмбезімен таң қалдырады. Ішінде шіркеудің қабырғалары түрлі-түсті фрескалармен және боялған иконостастармен безендірілген.

Басылым күні : 06.10.2022






