«Постқалыпты уақыт мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2022 жылдың 16-17 маусым күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастыруымен әл-Фараби ғылыми кітапханасында «Постқалыпты уақыт мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Сонымен қатар, конференция Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар орталығы, әл-Фараби орталығы, Халықаралық ислам ой институты (International Institute of Islamic Thought, IIIT), Білім интеграция институты (Institute of Knowledge Integration), Постқалыпты саясат және болашақ перспективаларын зерттеу орталығы (Centre for Postnormal Policy and Futures Studies, CPPFS) және «Идрак» қоғамдық бірлестігінің (Idrak Public Union) ақпараттық қолдауымен өтті. Конференция постқалыпты уақыт теориясының дамуы мен популяризациясы, негізгі сипаттамалары және бұл теория бойынша зерттеу жұмыстарының әртүрлі салаларында қолдану мәселелеріне тоқталды.

Конференция жұмысында постқалыпты уақыт теориясының авторы, постқалыпты саясат және болашақ перспективаларын зерттеу орталығының директоры, әлемге әйгілі интеллектуал, доктор Зияуддин Сардар қатысты. Сонымен қатар Зияуддин Сардар жұмыс тобы мүшелері: қазіргі заманғы өзгерістер мен болашақ перспективаларды зерттеу саласында 40 жылдық тәжірибесі бар футуролог және директор орынбасары доктор Джорди Сера дель Пино, қазіргі таңда Малайзия және Оңтүстік-шығыс Азияда жұмыс атқарып жатқан директордың атқарушы көмекшісі, философ және саясаттанушы доктор Скотт Джордан қатысты.

Конференцияның негізгі бағыттары - Постқалыпты уақыт теориясы: өзекті мәселелері, Постқалыпты уақыттың негізгі сипаттамалары, Постқалыпты уақыт және бірегейлік мәселелері, Саяси өлшемдегі постқалыпты уақыт, Цифрландыру және постқалыпты уақыт, Постқалыпты уақыттағы мәдени және әлеуметтік аспектілер, Постқалыпты уақыттағы Қазақстан: басты өзекті мәселелеріне арналды.

Басылым күні :  17.06.2022