Кафедра оқытушылары Nomad этноорталық бірегей тарихи-этнографиялық кешенінде болды
30 сәуірде кафедра оқытушылары профессор Бегалинова Калимаш Қапсамарқызы, Доцент м.а. Алджанова Нұрлыхан Қожабергенқызы Қазан мемлекеттік мәдениет институтынан келген профессор Диляра Шамильқызы Муфтахутдиновамен бірге Алматы облысы Үшқоңыр бөктерінде орналасқан Nomad этноорталық бірегей тарихи-этнографиялық кешенінде болды. Оның жасалуы Ұлы даланың көшпелі тайпалары – сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түріктердің, қазақтардың және тағы басқалардың көп ғасырлық дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне негізделген. Мұнда кез келген адам түкті және түксіз кілемді, киіз тоқуды үйрене алады, қазақтың дәстүрлі тағамдарын дайындауға қатыса алады.

NOMAD этноорталығында ұстаздар ата-бабаларымыз өмірінің өзекті бір саласы – сақ, үйсін, қаңлы, түрік, қазақ тайпалары көшпелілерінің әскери өнерінің даму тарихымен танысты. NOMAD этноорталығының айрықша ерекшелігі – ежелгі көшпенділер өмірінің абсолютті барлық аспектілері бойынша әрбір адамға білім беру және зерделеудегі кешенді көзқарас. Оның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі олардың жылжымалы үйі – киіз үй болды.
Этноорталықты аралаған профессорлар оның дизайны, даму тарихы, функционалдық мақсаты мен қасиетті мәні туралы білді, сонымен қатар мүмкіндігінше көшпенділер өмірінің табиғи жағдайларымен жақын ортаға жан-жақты енудің арқасында қазақ халқының мәдениетінің барлық дәмін сезінді.







