“Түркі халықтары мәдениетіндегі отбасылық құндылықтар” атты халықаралық конференция
05.05.2022 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторанттары Ержанов Еркебулан, Осербаев Елдос, Құрманбек Ақайдар және Канагатов Манат Анкара қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Түркі халықтары мәдениетіндегі отбасылық құндылықтар” атты халықаралық конференцияға қатысты.

Лектор ретінде Хажеттепе Университеті профессоры Өзкүл Чобаноғлы шақырылды. Докторанттар “Қазақ мәдениетіндегі отбасы құндылықтары” атты баяндама жасады.

Кездесуге Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Кипр және Венгрия мемлекеттерінің ғалымдары қатысты. Шараның аяғы естелік суретке түсу және әкімшілік мұражайын тамашалау, қаланың көрікті жерлерін аралау сынды жұмыстармен аяқталды.







