«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел
2022 жылдың 18 ақпанда Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 1 курс магистранты Базарбай Жасмин Миятқызы, ғылыми жетекшісі кафедраның аға оқытушысы, доцент м.а. Аликбаева Маржан Башанқызы ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 2 курс студенттеріне «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс – шараның мақсаты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру, сондай-ақ бестселлер болып табылатын мемлекеттік тілге аударылған оқулықтар мен оқу құралдарын танымал ету.
Маржан Башанқызы құттықтау сөз сөйлеп, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының міндеттерін кезең-кезеңімен жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер өз кезегінде бұл бағдарлама жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға тартуға бағытталғанын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды, атап айтқанда, кітаптарды мемлекеттік тілге аудару кезінде тарих ғылымдары бойынша оқулықтарға баса назар аудару қажет екендігі айтылды.
Бұл жоба біздің оқытушыларымыз бен студенттерімізге үздік әлемдік үлгілер бойынша оқуға және ғылымның осы бағыттары бойынша танымдарын кеңейтуге мүмкіндік береді. 100 жаңа оқулықпен жұмыс істеу Қазақстанның аудармашылар мен редакторлар мектебін нығайтады, осы саланың дамуына жаңа серпін береді. Факультеттің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасарының айтуынша.осы бағдарламаның арқасында Қазақстанның біршама студенттері жаңа сапалы дайындық деңгейіне ие болады. Бұл кітаптар тек жастарға ғана емес, сонымен қатар көптеген оқытушылар мен зерттеушілерге де пайдалы болады. Кітаптарды қазақ тіліне аудару аталған ғылым салаларын басқа қырынан зерттеуге және оқытуға жол ашады.







