Дінтанушы, теолог мамандардың қоғамдағы орны мен рөлі
2022 жылдың 17 ақпанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті студенттерінің қатысуымен «Дінтанушы, теолог мамандардың қоғамдағы орны мен рөлі» тақырыбында бірлескен тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шарада Атырау қаласындағы "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Сақан Дастан Дарханұлы, Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің теолог маманы Жақсылықов Нұрбек Дидарбекұлы, Қарағанды облысы Дін істері басқармасының теолог маманы Тұрапбай Марат Нұрғалиұлы, Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қасымжанов Бекжан Жұманұлы сөз сөйледі.
Мамандар дінтанушы, теолог мамандардың қоғамдағы орны мен рөлі, атқаратын қызметінің негізгі бағыттары, деструктивті діни ағым құрбандарын оңалту жұмысының ерекшеліктері, дінтанушы, теолог мамандарға қажетті қабілеттер мен дағдылар жайлы сөз қозғап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ұйымдастырушылар: Дінтану мамандығының 1-курс магистранттары Амангелді А., Сапарниязов Қ., Кеңес Ә., Олжабай Н. және Исламтану мамандығының 1-курс магистранты Назаров А.







