Академик Н.Т.Данаев атындағы №321 дәрісханасының салтанатты ашылуы

2020 жылдың 12 желтоқсанында Механика-математика факультеті, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында академик Данаев Нарғозы Турсынбайұлы атындағы №321 дәрісханасының салтанатты ашылуы өтті.
 Ашылу салтанатына ҚазҰУ ректоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Ғ.М. Мұтанов, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі М.Н.Қалимолдаев, т.ғ.д. Ахмед-Заки Д. Ж. және академик Н.Т.Данаевтың інісі Б. Сейілханов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға академик Н.Т. Данаевтың жұбайы мен жақын туыстары, ф.-м.ғ.д., профессор А. Ж. Қалтаев, ф.-м.ғ.д., профессор М.А.Бектемесов, т.ғ.д., профессор А.Б.Қыдырбекұлы , Механика-математика факультетінің деканы Д.Б.Жакебаев және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Б.А.Урмашев шақырылды.
 Рәсім ZOOM, YouTube және Facebook платформаларында онлайн режимінде өтті.

Басылым күні :  15.12.2020