"IQ DODA"

2015 жылдың сәуір айының 9 жұлдызы күні, сағат 14:00-де 321 аудиторияда Математикалық және компьютерлік моделдеу кафедрасының ұйымдастыруымен "Айналанды нұрландыр" жобасы аясында "IQ DODA" атты интеллектуалды дода өткізілді. 1 курс қазақ топтарының студенттері арасында ұйымдастырылған бұл іс-шараға студенттер арасынан 3 топ құрылып, солардың арасынан ең үздігі анықталды.

Интеллектуалды доданың ұйымдастырушылары: ф.-м.ғ.к., доцент Байтуленов Ж.Б., аға-эдвайзер Байтелиева А.А. және МКМ мамандығының 1 курс қазақ топтарының студенттері.

МКМ кафедрасының меңгерушісінің халықаралық байланыс  және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша орынбасары физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Маусумбекова С.Д. және де кафедра оқытушылары кешіміздің қадірлі қонақтары болды.

Дода соңында үздік топ анықталып, марапатталды.

Басылым күні :  14.04.2015