Total Energy жазғы мектебінің жабылу рәсімі

14 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғ.М. қатысуымен, бірінші проректор Бүркітбаев М.М., сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі, Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, TOTAL компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Орсариев А. және француз депутаттар тобының қатысуымен Total Energy компаниясының жазғы мектебінің жабылу рәсімі өтті.

Total - француз мұнай-газ компаниясы Royal Dutch Shell, British Petroleum және ExxonMobil кейін әлемдегі өндіріс көлемі бойынша төртінші орында. ҚР-да - Қашаған кен орны (үлесі 18,6%).

Маусымның 11-15 маусым аралығында «Total Energy» жазғы мектебі келесі модульдер бойынша өтті:

  • Кен орындарын барлау және өндіру («Бұрғылау және бұрғылау техникасы», «Мұнай және газ: жобаларды басқару»);
  • Мұнай-химия өнеркәсібі («Мұнай-химия және пластмасса: олардың жылдам дамуы мен тұрақтылығы», «Ауыр мұнайдың сапасын жақсарту»);
  • Халықаралық құқық («Мемлекет және корпорациялар: орнықты даму және әлеуметтік-корпоративтік жауапкершілік»);
  • Халықаралық қатынастар («Талантты және көшбасшылықты дамыту», «Менеджмент дағдарысы және байланыс дағдарысы»).

Басылым күні :  18.06.2018