«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» конференциясының жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді

2018 жылдың 9-12 сәуір аралығында өткен «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздарына I, II, III дәрежелі дипломдар табыс етілді. Сандық математика және Математикалық модельдеу секциясы бойынша I дәрежелі дипломмен 4 курс студенті Елубева Г.,  II дәрежелі дипломмен 4 курс студенттері Булгаков Р., Сабирова Р., Молдатайұлы А., III дәрежелі дипломмен 4 курс студенттері Нұрлыбаева А., Қыдықова К. марапатталды. Конференцияға белсене қатысқаны үшін сертификаттар берілді. 

Басылым күні :  13.04.2018