«Айналаңды нұрландыр» — «Бұл не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны

Механика-математика факультетінің бірінші курс магистранттарына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша эдвайзерлық сағат өткізілді. «Бұл не? Қайда? Қашан?»  - математика, физика, сондай-ақ әдебиет, тарих салаларын қамтитын интеллектуалды ойын. Миға шабуылдау әдісін қолданып, алты ойыншы - «сарапшылар» командасы - бір минут ішінде көрермендердің кез келген сұрағына дұрыс жауап іздейді. Бірінші алты ұпайға ие болған команда жеңіске жетеді. Ойын қызықты әрі пайдалы болды, 120 минуттың тез өтіп кеткені де байқалмады.

Эдвайзер сағатын Абдибеков С.У. мен Байтуреева А.Р өткізді.

Басылым күні :  10.11.2017