Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Алтынғазы Каримовтың 75 жылдық мерей тойын атап өтуде.

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Механика-математика факультетінің құрметті ұстазы, профессор Алтынғазы Каримов өзінің 75 жылдық мерей тойын атап өтуде.

Мерейтойлық шара әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Механика-математика факультетінің деканы ф.-м.ғ. д, профессор Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы бастаған ғылыми семинармен ашылды. Жиынға келген ғалымдар мен қонақтар Алтынғазы Каримовты мерей тойымен және “Қазақстан Ұстазы” атағымен құттықтап, математикалық модельдеу, сандық зерттеу  жұмыстарының жаңа белеске көтерілуіне айрықша сіңірген еңбегі жайында баяндамалар оқып, ол туралы ойлары мен пікірлерін білдірді.

   

Басылым күні :  02.04.2016