«Еуразиялық экономикалық интеграция болашағы Қазақстан тұрақты дамуының факторы ретінде» атты конференция өтеді

26.10.2015

Көрулер: 7572

25-26 қараша 2015 ж. Экономика және бизнес жоғары мектебі «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ БОЛАШАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция пленарлы және секциялы отырыс формасында келесідей тақырыптық бағыттар бойынша өткізіледі:

1-секция: ҚР ҰҒА Академигі Я.А. Аубакировтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел

2-секция: «Жаһандық контексттегі еуразиялық интеграцияның экономикалық өсу және даму векторларының стратегиясы»

3-секция: «Еуразиялық экономикалық одақ - дағдарысқа қарсы басқарудың тиімді механизмі»

4-секция: «Еуразиялық экономикалық интеграция тиімділігін арттырудың қаржылық механизмдері»

5- секция: «Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі есеп және аудит әдістемесін нығайту»

Мақалаларды тапсыру мерзімі – 2015 жылдың 1 қарашасына дейін. Конференция жүргізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын. Жинақ конференция басталуына дейін жарияланады. Материалдар құнымен қоса тіркелу төлемі 5000 теңгені құрайды.

Ұйымдастырушылардың байланыс телефоны:

+7 (727) 2211495, 221-12-47

E-mail: conf.kaznu@rambler.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ.doc