ҚазҰУ журналдары - Web of Science базасында

28.09.2022

Көрулер: 1711

Әл-Фараби атындағы «ҚазҰУ Хабаршы» сериялары Web of Scienceплатформасындағы «Emerging Sources Citation Index» деректер базасына енгізіліп, қазіргі таңда Web of Science базасында индекстелетін университет басылымдарының саны 7 журналға толықты. Бұл Қазақстан университеттері мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үш ғылыми журналы, атап айтқанда «Химия», «Физика» және «Математика, механика және информатика» Хабаршы сериялары Web of Science мәліметтер базасының «Emerging Sources Citation Index» индекстеу тізіміне қосылды. Бұл уақытқа дейін осы мәліметтер базасында «International Journal of Mathematics and Physics»,«International Journal of Biology and Chemistry», сондай-ақ әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп шығарылатын «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «ҚР ҰҒА Хабаршысы. Физика және математика сериясы» журналдары кірген болатын.Clarivate Analytics саясатына сәйкес Emerging Sources Citation Index базасында индекстелу үшін сараптамалық топпен журналдарды іріктеп алу Web of Science Core Collection негізгі деректер базасына (мұнда журналдағы мақалалардың басқа әдебиеттер тізімінде аталуының негізінде кейін импакт-фактор индексі беріледі) кіру үшін алғашқы және маңызды қадам болыптабылады. Университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына қосылуы университеттің ұлтаралық қатынасты және зерттеуді қалыптастыруға алған бағытының дұрыстығын растайды.

Ғылым және басылым белсенділігі басқармасы