ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

22.10.2020

Көрулер: 4293

ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің көзқарасым» атты тақырыбында Қазақстанның жас ғалымдары арасында (40 жасқа дейін) байқау өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Егер сен қоршаған ортаңда болып жатқан өзгерістерге, ел тағдырына немқұрайлы қарамасаң, өршіл және мәселелерді шешу жөнінде өз пайымың бар болса, онда өз аталған жобалар байқауына өз жұмысыңды жіберіп, Қазақстанның ғылыми дамуына өз үлесіңді қоса алатын жастар қозғалысының бір бөлігі бол!

 Байқаудың міндеті – ғылыми зерттеулерге қатысу үшін Қазақстанның жас ғалымдарын тарту және оларға өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ұсыну.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қоры бірлестігімен

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға жеке немесе авторлық ұжыммен 40 жасқа дейінгі Қазақстанның жас ғалымдары қатыса алады.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

1 кезең. Өтінімдерді қабылдау.

Байқауға қатысу үшін көрсетілген форма бойынша (1-қосымша) жазылған жобалық идеясы бар байқауға қатысу туралы өтінімді электрондық форматта YouthKazNU@gmail.com поштасына жіберу қажет немесе көрсетілген форманы толтырып 2020 жылдың 20 қарашасына дейін жіберуіңізге болады. Құжаттың атауы:
Аты-жөні_Жоба атауы

2 кезең. Қатысушыларды алдын ала іріктеу.

2020 жылдың 27 қарашасында 1 кезеңнен іріктеліп өткен 10 жұмыстың авторларына растау жіберіледі.

3 кезең. Іріктелген жоба жұмыстарын қорғау және жеңімпаздарды анықтау

Іріктелген 10 жоба жұмыстарын қорғау 2020 жылдың 2-ші желтоқсанында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтіп, жеңімпаздардың есімдері жарияланады.

 

Үздік жұмыстар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

  • ·        1 орын – 200 000 теңге.
  • ·           2 орын – 125 000 теңге.
  • ·           3 орын – 75 000 теңге.

 

Сонымен қатар, байқауға келіп түскен, қойылатын талаптарға сәйкес келетін жұмыстар «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдар арасындағы өткізілетін Халықаралық конференцияның жинағында немесе ҚазҰУ-дың ғылыми журналдарында жариялау үшін ұсынылады.

 

Байқау жеңімпаздарының жобаларын іске асыру мерзімі, зерттеу нәтижелерін жариялау: 01.12.2021 ж. дейін

 

Байқаудың талаптарына сәйкес келмейтін жобалар қарауға қабылданбайды.

 

 

Байқау туралы толық ақпарат Республиканский Конкурс_СМУ_КазНУ_kaz.pdf