Алтын адам – тарихымыздың тұғыры

12.11.2021

Көрулер: 1707

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Жас тарихшылар» және «Мұражайтану» үйірмесінің жетекшілері Н.Мажиқызы, Ө.Д. Сандықбаева, «Өлкетану» және «Атамұра» үйірмелерінің жетекшілері К.С.Аширбекова, С.А.Нусупбаева, Г.Жұмаділ, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Ж.Құрбанәлі, Э.Айтқұловамен бірлікте 12.11.2021 ж. сағат 16.00-де. Онлайын ZOOM платформасында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Алтын адам – тарихымыздың тұғыры» тақырыбында бейнеэкскурссия өткізді. Бұл іс-шарамыздың мақсаты, тыңдаушыларға ежелгі Қазақстан тарихы кезеңіндегі өтілген сабақтарымен байланыстырып, оларды ғылыми-танымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту және төл тарихымызды насихаттау.

          Іс-шара «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Ж.Құрбанәлі және Э.Айтқұлованың көмегімен, камера арқылы мұражайдағы экспонаттар бір-бірлеп таныстырылып, тыңдаушыларға көрсетілді. Әсіресе, Алтын адам және онымен бірге табылған жәдігерлерге кеңінен таныстырылым жасалды. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан және Өзбекстанда отырған 60-тан астам тыңдаушы қатысты. Іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.