Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

03.12.2018

03.12.2018 ж.  тұңғыш президент күніне арналған Республикалық «Жас дарын» дарынды   жастарға арналған « Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты байқау өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Әуезов театры ‒ қазақ өнерінің қара шаңырағы

02.12.2018

2018 жылдың 2 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» спектаклін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасындағы «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек тамашалады. Шетелдік тыңдаушылар өмір шындығын шынайы бейнелеген қызықты спектакльден мол әсер алды. Қойылымнан соң үйірме мүшелері спектакль туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге М.Әуезов театры мен қазақ өнері жайлы да мағлұмат алды.  

Ары қарай оқу >>

Ақын Жүрсін Ерманмен кездесу

30.11.2018

2018 жылы 30 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Үлкен мәжіліс залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің Халықаралық одағының төрағасы, ақын Жүрсін Ерманмен кездесу болып өтті. 

Ары қарай оқу >>

Президент Күні

28.11.2018

2018 жылдың 28 қарашасында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Президент күніне» орай іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Ауғанстанның қолөнер бұйымдары» атты көрме

27.11.2018

2018 жылдың 27 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өткен «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу мәселелері» атты дөңгелек үстел аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Жас шебер» үйірмесінің мүшелері мен жетекшілері Г.А. Тастемирова, Н.Қ. Мәтбек «Ауғанстанның қолөнер бұйымдары» атты көрме ұйымдастырды. 

Ары қарай оқу >>

"Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу мәселелері" атты дөңгелек үстел

27.11.2018

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2018 жылдың 27 қараша күні сағат 11. 00-де «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Біздің мақтанышымыз

24.11.2018

2018 жылы 24 қарашада Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы кітапханада жас ақын Жақсылық Қазымұратұлының "Әпке" атты жаңа жыр жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті. 

Ары қарай оқу >>

Алмалы ауданының прокуроры майор Р.Р. Суханбердинмен кездесу

21.11.2018

Әл фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 1-3 курс студенттеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі заманауи үрдістер» тақырыбында дәріс өткізді. 

Ары қарай оқу >>