Әуезов театры ‒ қазақ өнерінің қара шаңырағы

2-жел-18

Көрулер: 2551

2018 жылдың 2 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» спектаклін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасындағы «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Н.Мәтбек тамашалады. Шетелдік тыңдаушылар өмір шындығын шынайы бейнелеген қызықты спектакльден мол әсер алды. Қойылымнан соң үйірме мүшелері спектакль туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге М.Әуезов театры мен қазақ өнері жайлы да мағлұмат алды.