Құттықтаймыз!

3-жел-18

Көрулер: 2568

03.12.2018 ж.  тұңғыш президент күніне арналған Республикалық «Жас дарын» дарынды   жастарға арналған « Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты байқау өткізілді. Осы байқауға ЖОО дейінгі білім беру факультеті колледжінің құқықтану мамандығының 1- курс студенттері «Шығарма» жазудан үздік өнер көрсеткені үшін: Бахыт Әлихан Батырханұлы, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру», Бегалиев Мухамеджан Жандосұлы, «Тәуелсіздік тірегім», Жанаев Рамазан Нұрбекұлы, «Рухани жанғыру өскелең ұрпақтың-дара жолы», Қуатбеков Қанат Ғабитұлы «Нашақорлық-ғасыр дерті, жас ұрпаққа әсері» Мырзан Зарина Султанбекқызы «Қазіргі таңдағы терроризмнің дүние жүзіне қауіптілігі» тақырыптарында 1 орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ осы байқауға жетекшілік жүргізген құқықтық пәндер оқытушысы Сапирова Мира Мейрханқызы білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі еңбегі мен өз мамандығы алдындағы адал еңбегі үшін «Жаңашыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.