«Ауғанстанның қолөнер бұйымдары» атты көрме

27-қар-18

Көрулер: 2805

2018 жылдың 27 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өткен «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу мәселелері» атты дөңгелек үстел аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Жас шебер» үйірмесінің мүшелері мен жетекшілері Г.А. Тастемирова, Н.Қ. Мәтбек «Ауғанстанның қолөнер бұйымдары» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге ауған халқының материалдық мәдениетінің үлгілері ‒ тұрмысқа қажетті бұйымдар қойылды. Үй жабдықтары: кестелеп тігілген жастық тыстарын, өрмекпен тоқылған алаша, тұскиіздерді жиынға қатысушылар тамашалады. «Жас шебер» үйірмесінің мүшелері ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау жолдары туралы мәлімет берді. Ұлттық қолөнер бұйымдары ‒ сол халықтың қоғамдық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен кәсібімен таныстыратын өнер саласы.