Біздің мақтанышымыз

24-қар-18

Көрулер: 1919

2018 жылы 24 қарашада Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы кітапханада жас ақын Жақсылық Қазымұратұлының "Әпке" атты жаңа жыр жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Жақсылық - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің түлегі. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тамамдаған.

Жыр кешіне белгілі қаламгерлер мен өнер қайраткерлері, ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары мен тыңдаушылары, студенттер қатысты. Қазір "Аңыз адам", "Жұлдыздар отбасы" журналдарында қызмет ететін ақынның "Қараша сырмақ", "Жапырақ жауған күз" атты кітаптары жарық көрген.

Ақын кеште өз жаңа өлеңдерімен тыңдармандарын сусындатты, кеш көңілді сазбен әрленді. Кешке ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының «Парасат» әдеби үйірмесінің мүшелері мен жетекшілері Н.Мәтбек, С.Нусупбаева қатысты. Кафедра тыңдаушылары, қазақ диаспорасы өкілдері ақын қолтаңбасын алып, мазмұнды кештен үлкен әсермен оралды.