Ақын Жүрсін Ерманмен кездесу

30-қар-18

Көрулер: 2125

2018 жылы 30 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Үлкен мәжіліс залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің Халықаралық одағының төрағасы, ақын Жүрсін Ерманмен кездесу болып өтті. Әдеби сазды кешке университет ұстаздары және студенттермен бірге жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ауғанстандық тыңдаушылары, «Парасат» үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі Нұрсұлу Мәтбек қатысты. Кеште қайраткер қаламгердің ғибратты әңгімелері мен жырлары тыңдалды. Жырсүйер, өнерпаз студент жастар ақынның «Түнгі такси», «Әйелге ода» т.б. өлеңдерін оқып, күй шертіп, ән салды.