Факультетаралық үстел теннисінен жарыс

12.12.2014

Көрулер: 3628

2014 жылдың 10 желтоқсанында университеттің «Саламатты дене мәдениеті» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында шығыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері шығыстану, халықаралық қатынастар, заң және философия және саясаттану факультеттері арасында өткен үстел теннисінен жарысқа қатысты. Нәтижесінде арабтану және ирантану кафедрасының «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алатын 1 курс студенті Өткелбаева Зүлфия қыздар арасындағы үстел теннисінен жарыста 1 орынды иеленді. Құттықтаймыз!