"Қытайдың Qing дәуіріндегі дипломатиялық деректерді аудару және оны ғылыми айналымға енгізу" тақырыбында ғылыми семинар

01.11.2014

Көрулер: 2157

Семинардың тақырыбы кафедраның оқытушылар құрамының ғылыми ізденістегі сұраныстарына толық жауап беруімен және шақырылған ғалымның осы салаға қатысты кәсіпқойлығымен маңызды болды. Семинардың мақсаты оқытушыларды, магистранттарды, докторанттарды, жас шығыстанушы ғалымдарды және басқа да тарихи жазбалар мен мұрағаттық құжаттармен жұмыс істейтін мамандарды қытайдың орта ғасырлардағы ресми құжаттардағы қазақ тарихына қатысы бар мәліметтерді оқудағы соңғы нәтижелерімен таныстыру болды. Жас мамандарды отандық және шетелдік сирек қорларда жатқан мұрағаттық құжаттарды, деректерді зерттеуге шақыру, баулу арқылы еліміздегі шығыстану ғылымының аясын кеңейту. Жазба деректерді оқып, танудың соны әдістерімен таныстыру және қолға түскен, игерілген құжаттардың негізінде бұл деректердің отандық тарих ғылымиы үшін қаншалықты маңызды екенін ұқтыру.