Парсы тілі апталығы

27.10.2014

Көрулер: 3545

Қазан айының 21-24 жұлдыздары аралығында, шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен парсы тілі апталығы өткізілді. Іс шараға келесі лауазымды кісілер қатысты: Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу, Бас Консул Амир Реза Дарабиан, еллшілік жанындағы мадениет өкілеттілігінің басшысы М. Камрани мырза, тіл маманы, атақты ғалым, ислам дәуіріне дейінгі қолжазбалар зерттеушісі Сирус Насраллахзаде, сонымен қатар әлуметтанушы, Шығыс Кентукки (АҚШ) университетінің әлеуметтану ғылымдарының докторы Сейд Бейвак Мохаммади, Бристоль (Ұлыбритания) университетінің теология және әлеуметтану ғылымдарының докторы Сейд Джавамдери, «шығыс қоғамындағы әйелдер проблемасының және отбасы қарымқатынасы мәдениеті» атты әлеуметтану орталығы басшысының орынбасары Ашраф Буруджарди.

Алғашқы күні қонақтар шығыстану факультетінің мұражайын зиярат етіп, арабтану және ирантану кафедрасының оқулықтар қорымен таныс болды. Апта бойы кез келген көрермен иран ғалымдарының қатысуымен өткен семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысу, сондай-ақ заманауи иран киноларын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Сөз соңында иран ғалымдары Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқанын тілге атап өтіп ҚазҰУ студенттерінің білім алуға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.