«Туған ел-тұғырың, туған тіл-қыдырың» атты поэзиялық кеш өтті

26.09.2014

Көрулер: 3961

24.09.2014 ж. «Тілдер күні» мерекесіне орай Шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен 3 курс студенттері («шетел филологиясы» мамандығы, араб бөлімі) топтың эдвайзері Палтөре Ы.М. жетекшілігінде «Туған ел-тұғырың, туған тіл-қыдырың» атты поэзиялық кешін өткізді.

Кеште студенттер қазақ, араб, орыс, түрік, жапон және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқып, өздерін жаңа қырларынан танытты. Студенттер туған тілі, қазақ тілін терең білгенде ғана өзге шет тілдерін үйрену қиынға түспейтіндігін сөзбен де, іспен де дәлелдеп берді.

Кешке жиналғандардың бірі студенттерді қолдап, шабыттандырса, енді бірі ізгі тілекпен қоса өздерінің кейбір ұсыныстарын ортаға салып, салихалы сұхбат құруға себепкер болды.