Шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Ө.Күмісбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Профессор Ө. Күмісбаевтың шығармашылығы және Шығыстану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

30.04.2014

Көрулер: 3160

2014 жылдың 3 сәуір күні Шығыстану факультетінде арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Ө.Күмісбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Профессор Ө. Күмісбаевтың шығармашылығы және Шығыстану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда белгілі ақын, әдебиетші ғалым, шығыстанушы, профессор Өтеген Күмісбаевтың шығармашылық қызметі мен оның парсы-араб-қазақ әдебиеттерінің көне және жаңа замандағы байланыстарын терең зерттеп, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше ірі ғылыми зерттеулері мен монографиялары жайында жазылған шетелдік және отандық ғалымдардың, докторанттардың, магистранттардың және басқа да ізденушілердің мақалалары жарияланды. Конференцияда шыққан жинақ шығыс әдебиеті мен тіліне, аударма мәселесіне және қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланыстары салаларына қызығушылық танытатын шығыстанушы және филолог мамандардың зерттеу жұмыстары ұшін маңызы зор.