Серпінді жобаның айшықты нәтижелері

03.03.2014

Көрулер: 2782

Қытай және қазақ халықтары – Ұлы жібек жолы тарихи байланыстыратын , арғы заманнан бері іргелес жатқан елдер. Шекарарлас орналасқан , мәдени- саяси қарым қатынастары сонау Абылай хан тұсынан бері келе жатқан қытай елінің мәдени өмірінен жан жақты мағлұмат беретін мұражай ашу – дер кезінде қолға алынған іс-шара. Осы орайда әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетіне бөлген серпінді жоба аясында «Шығыс мұражайын » ашу ісі 2013 оқу жылының қыркүйек айынан бастап қоға алынды. Сол игі шараның алғашқы бастамасын ҚХР-ның Алматы қаласындағы Бас Консулдығының бас консулы Ду Дэвын ханым және оқу ісі мен мәдениет жөніндегі вице-консул Гао Чэн мырза танытып, музей қорына бағалы 10 жәдігер табыс етті. Осы үрдіс әрі қарай жалғасып келеді.3 наурыз 2014 жылы "East West education services" атты қазақ-қытай бірлескен кәсіпорын шығыстану факультеті қытайтану кафедрасында қонақ боп қайтты. Кездесу барысында аталған кәсіпорын қызметкері Аккамиев Мерей және жергілікті дүнген диаспорасының өкілдері Роза и Зенебе Мауровалар дүнген ұлттық киімдері, ұзатылған қыздың жасау жабдықтары, қытай ұлттық киімдері, ұлттық музыкалық аспаптары, бейнелеу өнерінің белді қайраткерлерінің суреттері және т.б. құнды жәдігерлер табыс етті.