Шығыстану факультетінде «100 кітап» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының өлеңдерін қазақ және араб тілдерінде жатқа айтудан сайыс өтті.

12.02.2014

Көрулер: 3325

Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылы 11 ақпанда сағат 15.00-де «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында кафедраның 1-3 курс студенттері арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін қазақ және араб тілдерінде жатқа айтудан сайыс өтті. Абай өлеңдерін үздік оқыған студенттер жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға - 3 курс студенті Сатаева Таңшолпан, екінші орынға – 2 курс студенті Кусаинова Насиба, үшінші орынға – 1 курс студенті Шайх Нұрсұлтан ие болды.