Қытайтану кафедрасының студенті жеңіспен оралды

15.04.2013

Көрулер: 3431

2013 жылдың 14 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институты негізінде XII Халықаралық «Қытай тілі көпірі» атты Алматы қаласы студенттері арасындағы байқаудың іріктеу (қалалық) кезеңі өтті. Байқау «Көркем Қытай» тақырыбы аясында өткізілді. Қатысушы студенттер бұл байқауда өздерінің қытай тілі деңгейін, Қытай тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін және өнерлерін көрсетуге міндетті болды. Байқаудың ресми ашылу салтанатына Алматыдағы ҚХР-дың Бас консулы Ду Дэвэнь ханым мен ҚазҰУ Бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев мырза қатысты. Қатысушыларды қытай тілі, өнері және мәдениеті саласындағы мамандар бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Кузьмичева Екатерина иемденді. Жеңімпаздар ҚХР Бас консулдығы дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталып, Астана қаласында өтетін республикалық ақтық сынға жолдама алды.