Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен кездесу өтті

27.03.2013

Көрулер: 3749

2013 жылдың 27 наурызында қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен кездесу өткізді. Кездесу «Қытайтану апталығы» және «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында жазушының шығармашылығы кеңінен қозғалып, студенттер жазушының өз аузынан қызықты әңгімелерді тыңдады. Жазушының бұрын жарық көрген шығармаларымен қатар, жақында баспадан шыққан «Әріп пен Сара» атты жинағы да сөз болды. Жазушымен кездесу ғибратты әңгімеге толы болып, студенттерге терең ойлар тастады.