Қытай Жаңа жылы мерекесіне қош келдіңіздер!

08.02.2013

Көрулер: 4705

2013 жылдың 8 ақпанында сағат 16.30Конфуций Институты мен қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қытай Жаңа жылына арналған мерекелік іс-шара өтті. Кеш қонақтары ретінде Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Ду Дэвэнь ханым, вице-консул Гао Чэнь мырза, Қазақстандағы Қытай банкінің директоры Тянь Вэй мырза, ЖШС "ҚҰМК" Бас директоры Цао Яминь мырза, сонымен қатар Аблай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ шығыстану факультетінің деканы Е.Ужкенов мырза мен қытай филологиясы мен аударма кафедрасының меңгерушісі Т.Қалибекұлы мырза қатысты. Кеште қытайтану кафедрасының студенттері өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтардың көңілінен шықты. Студенттер тек қытай тілінде ән шырқап қана қоймай, сонымен қатар қазақ халқының өнерін де келген қытайлық қонақтарға көрсетті.