Конфуций Институты қытайтану кафедрасына оқулықтарды сыйға тартты

12.09.2012

Көрулер: 3667

2012 жылдың қыркүйегінде Конфуций Институты Ланьчжоу университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қытайтану кафедрасына қытай тілі оқулықтарын табыстады. Оқулықтардың жалпы көлемі 1000 дананы құрайды. Бұл жасалған сыйлық кафедраның қытай тілін оқыту ісіне үлкен көмек тигізбек. Кафедра ұстаздары Конфуций Институтына үлкен алғыс білдіруде.