Жалпы университеттік "Тілдер фестивалі" аясында қытайтану кафердасының ұйымдастыруымен "Қалам қуатың қалай, жас талап?" атты шығарма байқауы өтті

26.09.2012

Көрулер: 5206

22-28 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай жалпы университеттік "Тілдер фестивалі" аясында қытайтану кафедрасы факультеттік деңгейде «Қалам қуатың қалай, жас талап?» атты қазақ тілінде мақала жазу байқауын өткізді. Байқауды өткізудің негізгі мақсаты студенттердің өз ана тілінде айтар ойларын қағаз бетінде әдемі жеткізе алу, қарсы жақты баурап алу қабілеттерін тексеру болатын. Байқау Шығыстану факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Е. Искакованың, қытайтану кафедрасының меңгерушісі З.С.Батпенованың және ҚазҰУ тәрбие ісі жөніндегі Департаментінің жетекші маманы Ш.Канафьеваның құттықтау сөздерімен басталды. Байқаудың талаптарында мақала тақырыбында шектеу болмағандықтан, студенттер қаламдарын әр түрлі тақырыпта қозғады. Ең көп қозғалған тақырып – ана тілі, қазақ тілінің бүгінгі таңдағы жағдайы болды. Байқауға қатысушыларды қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Керимбаев Е., ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің әдебиеттану мамандығының магистранты, жас ақын Талапбек Т. және «Жезбұйда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тасқын Қ. бағалады. Байқаудың қорытындысы бойынша студенттер келесідей марапатталды:

Бас жүлде - жапонтану және корейтану кафедрасының 3 курс студенті Қайрат Ж. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» мақаласымен

Бірінші орын - қытайтану кафедрасының 3 курс студенті Досмуратова Н. «Анамның тілі-аяулым менің» мақаласымен

Екінші орын - қытайтану кафедрасының 2 курс студенті Турсынбекова М.«Бақыт деген не?» мақаласымен

Үшінші орын - қытайтану кафедрасының 1 курс студенті Балғынбаева М. «Өз тіліңді сүйе біл» мақаласымен

Жеңімпаздар және қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.