Қытайтану кафедрасының студентінің жаңа кітабы жарық көрді

07.09.2012

Көрулер: 4057

Жаңа оқу жылында қытайтану кафедрасының "шығыстану" мамандығының 2 курс студенті Чурсин Михаилдың жаңа "Абай. Слова назидания" атты кітабы жарық көрді. Осыған дейін "Затерявшийся. Сияние Алиен Доторес" әңгіме жинағын шығарған Михаил жаңа кітабында қазақ даласының ұлы ақыны Абайдың қырық қара сөзін орыс тіліне аударған. Михаил ертеректе де кафедра және факультет деңгейінде өткізілген іс-шараларда өзінің жазған өлеңдері мен қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліндегі аудармаларын оқумен көзге түскен болатын. Факультеттік "Жүрек үні" атты поэзиялық клубтың жетекшілерінің бірі болып табылатын Михаил тек шығармашылық жолында ғана табысты емес, сонымен қатар оқуда да жақсы жетістіктер көрсетуде. Қытайтану кафедрасы өзінің дарында студенттерін мақтан тұтып, оларға тек шығармашылық табыс тілеуде.