Кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысы

20.05.2012

Көрулер: 6115

Қазақстан Республикасымен Корея Республикасы арансындағы дипломатиялық қарым-қатынас анақтылғанына 20 жылдығына және Қазақстанда кәрістердің мекендеуінің 75 жылдығына арнатылған кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кәрістану-жапонтану кафедрасы және Халықаралық кәрістану орталығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті мен Кәріс мәдениет хабарласу Қаумдыстығымен (Корея Республикасы) бірге өткізіледі.

Кәріс тілінде студенттік шығармалар сайысын өткізудің саяси, мәдени, ағартушылық мәні бар. Орта Азия мемлекеттерінің ЖОО студенттері сайысқа қатысу арқылы өз біліміне деген сенімдерін, кәріс тілінде әдеби тілде мәнерлеп сөйлеуді, өз ойларын еркін жеткізуді дамытады.

Қатысушы өз тақырыбының тематикасын жете меңгеруі тиіс, сондықтан студенттер Күн шығыс елінің қазіргі заманғы сонымен қатар өткен тарихын, саясатын, мәдениетін, дінін, салт-дәстүрін оқуға итермелейді.

Студенттік шығармалар сайысы кәріс бөлімінің студенттерінің күнделікті өмірінде, сабақ барысында, баяндама, реферат жазып, қорғау кезінде қажет.

Сайысты өткізу кәріс тілін оқыту және оқу деңгейін көтеруді, бұл сайы кәріс тілінің елімізде кең таралуына және Қазақстанның Корея Республикасы мен Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайтуға қосар үлесі мол.

Сайысқа Орта Азия мемлекеттерінен 80 студент қатысады: Қазақстаннан Алматы, Талдықорған және Тараз қалаларынан, Қырғыз Республикасынан Бішкек каласынан.

«Менің арманым» атты шығарма тақырыбы сайыс қатысушыларына ұйымдастырушы - Кәріс мәдениет хабарласу Қаумдыстығымен (Корея Республикасы) үндендірілген.

Сайыстың жүлделі орындарды алғандар:

1-орын – Тойназарова Әйгерім, 4 к. (ҚазҰУ)

2-орын – Бәкібаева Алина, 4 к. (ҚазҰУ)

2-орын – Цой Ангелина, 11 сынып, №39 мектеп (Тараз қ.)

3- орын – Нагай Юлия 5 к. (БГУ)

3- орын – Қалдыбаева Гүлсая, 4 к. (ҚазҰУ)

3-орын – Төлебаева Айжан, 2 к. (ҚазҰУ)

3-орын – Тин Анастасия, 1 к. (ҚазҰУ)

Сайыс женімпаздары алғыс хаттармен және ақшалы сыйлықтармен марапатталған.